Мазмұнға өту

4 ҚЫРКҮЙЕК, 2023
БУРУНДИ

Кирунди тіліндегі қайта қарастырылған “Жаңа дүние аудармасының” жарық көруі

Кирунди тіліндегі қайта қарастырылған “Жаңа дүние аудармасының” жарық көруі

2023 жылдың 25 тамызында Басқарушы кеңестің мүшесі Кеннет Кук Бужумбура қаласында (Бурунди) өткен “Шыдамды болайық“ атты конгресте кирунди тіліндегі қайта қарастырылған “Жаңа дүние аудармасының” жарық көргенін хабарлады. Бағдарламаны Бетел аумағына жататын 11 аймақтан онлайн-трансляция арқылы 15 084 адам тамашалады. Конгреске келгендер Киелі кітапты баспа түрінде алды. Сондай-ақ оның электронды нұсқасы да жарық көрді.

Бурундиде шамамен 13 миллион адам кирунди тілінде сөйлейді. Кирунди тіліндегі алғашқы қауым 1969 жылы құрылған. 1985 жылдан бастап Ехоба Куәгерлері өз әдебиеттерін кирунди тіліне аудара бастады. Қазіргі күнде Бурундиде 16 900-ден аса бауырлас кирунди тіліндегі 350 қауымда қызмет етіп жүр. 2007 жылы кирунди тілінде “Мәсіхшілердің грек жазбалары. Жаңа дүние аудармасы“ жарық көрген еді. Ал “Жаңа дүние аудармасының“ толық нұсқасын алғанда бауырластардың төбелері көкке жетті.

Кирунди тілінде Ехобаның “рақымы“ деген тіркес “ерекше мейірімі“ деп берілген. Бұл сөз Берушінің мәрттігіне назар аударады. Қайта қарастырылған “Жаңа дүние аудармасы“ бауырластарға және кирунди тілінде сөйлейтін басқа да адамдарға танытылған Ехобаның “ерекше мейірімі“ болды (Титке 2:11).