Мазмұнға өту

Бетелдік экскурсиялар

Біз сізді филиалдарымызды көруге шын жүректен шақырамыз. Әдетте бұл ғимараттар Бетел деп те аталады. Кейбір филиалдарымызда келушілер өздігінше аралайтын көрмелер бар.

Экскурсиялар қайта ашылды. 2023 жылдың 1 маусымынан бастап көп елдегі филиалдарымызда экскурсиялар қайта өтетін болады. Көбірек мәлімет алу үшін, барғыңыз келген филиалмен байланысыңыз. Егер сізде тест қорытындысы коронавирус барын көрсетсе немесе суық тигеннің я тұмаудың белгілері байқалса, я болмаса жақында коронавируспен ауырған адаммен араласқан болсаңыз, экскурсияға келмеуіңізді сұраймыз.

Оңтүстік Африка Республикасы

Көрмелер

Қонақтарды қабылдау орталығы: Экскурсия барысында сіз Бетелдің ішкі өмірінің қыр-сырын әрі оның ғибадатымызға қандай үлес қосатынын баяндайтын бірнеше видео көре аласыз.

Қонақтарды қабылдау орталығы №2 (баспахана): Бұл жерде көрсетілетін үш видеодан әдебиеттерді жергілікті тілдерге аудару мен оларды басып шығару қаншалықты маңызды іс екенін білесіз. Ал арнайы шолу алаңынан сіз төменде екі баспа машинасының қалай жұмыс істеп жатқанын көре аласыз. Ал Киелі кітап көрмесінде жергілікті тілдердегі Киелі кітапта Құдай есімі қалай қолданылып келгені көрсетіледі.

Қонақтарды қабылдау орталығы №3 (баспахана): Мұндағы шолу алаңынан сөрелерде қаз-қатар жиналып тұрған бүкіл әдебиеттер көрінеді. Сондай-ақ сізге қапталып, оратылған бұл әдебиеттердің қайда жөнелтілетіні көрсетіледі. Сонымен қатар Патшалық сарайларының құрылысы, әдебиеттерді жөнелту және аудио-видео өнімдерін шығару жайлы үш видео көрсетіледі.

Қосымша мәлімет: Қабылдау орталығының бірінен екіншісіне сізді автобус тасиды. Қонақтар Демалыс алаңына жайғасып, өзіңізбен алып келген тамағыңызды жесеңіз болады.

Мекенжайымыз бен байланыс нөміріміз

Картадан қарау