Мазмұнға өту

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Киелі кітаптың маған қандай пайдасы бар? Киелі кітабыңмен жақсырақ таныс (1-бөлім)

Киелі кітаптың маған қандай пайдасы бар? Киелі кітабыңмен жақсырақ таныс (1-бөлім)

“Киелі кітапты оқуға бірнеше рет тырыстым. Бірақ оның қалыңдығын көріп, оқығым келмей қалады” (Бриана, 15 жаста).

Сен де осылай ойлайсың ба? Онда осы мақала дәл саған арналған!

 Киелі кітапты не үшін оқу керек?

Саған Киелі кітапты оқу қызық емес сияқты көріне ме? Сондай болса, сені түсінеміз. Бәлкім, Киелі кітап мыңнан аса беті бар, әріптері майда, ешқандай суреті жоқ кітап деп ойлайтын шығарсың. Оған қарағанда сені теледидар мен ғаламтордағы видеолар қызықтыратын шығар.

Бірақ Киелі кітапқа басқаша қарап көрейікші: сен қазына салынған бір үлкен көне сандық тауып алдың делік. Оны ашып көргің келмес пе еді?

Киелі кітапты сондай сандыққа теңеуге болады. Ол — даналықтың қазынасы. Ондағы кеңестердің көмегімен...

  • Жақсы шешімдер қабылдайсың

  • Ата-анаңмен тіл табысасың

  • Жақсы достар табасың

  • Уайыммен күресе аласың

Сондай көне кітаптағы кеңестердің қазіргі заманда пайдасы бар ма? Иә, себебі “Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған” (Тімөтеге 2-хат 3:16). Бұл Киелі кітаптағы кеңестер даналығы шексіз Құдайдан екенін білдіреді.

Киелі кітап қазынаға толы сандық сияқты, ол — теңдессіз даналықтың қазынасы

 Киелі кітапты қалай оқуға болады?

Бірінші жолы — Киелі кітапты бастан-аяқ оқып шығу. Осылайша Киелі кітаппен жалпы танысып шығасың. Оны оқудың көптеген тәсілдері бар. Солардың екеуін айтып өтейік:

  •   Киелі кітаптағы 66 кітапты рет-ретімен оқып шықсаң болады, яғни Мұсаның 1-жазбасынан Аян кітабына дейін.

  •   Киелі кітапты хронологиялық тәртіппен де оқысаң болады, яғни оқиғалардың орын алған тәртібімен.

Кеңес: “Жаңа дүние аудармасындағы” А7 қосымшасында Исаның жердегі өмірінің басты оқиғалары хронологиялық тәртіппен берілген.

Екінші жолы — сенікіндей қиындықтарды бастан өткерген Киелі кітап кейіпкері туралы оқу. Мысалы,

  • Адал достарды тапқың келе ме? Жонатан мен Дәуіттің достығы туралы оқысаң болады (Самуилдің 1-жазбасы 18—20 тараулар). Сосын “Адал достарды қалай табуға болады?” деген жұмыс дәптерін оқып, осы екеуінің достығынан қандай сабақ алуға болатынын қарастыр.

  • Азғыруларға қарсы тұруды үйренгің келе ме? Онда Жүсіптің оқиғасын оқып көр (Мұсаның 1-жазбасы 39-тарау). Жүсіп азғырылғанда, қарсы тұруға қайдан күш алғаны туралы ойлан.

  • Дұғаның қалай көмектесетіні жайлы білгің келе ме? Нехемия туралы оқысаң болады (Нехемия 2-тарау). Осы оқиғадан Нехемия айтқан дұғалардың әсері қаншалықты күшті болғаны жайлы ойлан.

Кеңес: Сені еш нәрсе алаңдатпау үшін, Киелі кітапты тыныш жерде оқыған дұрыс.

Үшінші жолы — Киелі кітаптағы бір оқиғаны не зәбүр жырын таңдап, оқып шығу. Сосын оны іс жүзінде қалай қолдана алатыныңды қарастыру. Оқып болғаннан кейін мына сұрақтарға жауап бер:

  •   Ехоба неге мұны Киелі кітапқа жаздырды?

  •   Осы оқиғадан Ехобаның болмысы, яғни қалай әрекет ететіні жайлы не білдім?

  •   Оқығанымды өмірімде қалай қолдана аламын?

Кеңес: Мақсат қой. Киелі кітапты қашаннан бастап сайтымыздағы “Киелі кітапты оқу кестесі” бойынша оқитыныңды жазып қой.