Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ЖАРАТЫЛЫС ҒАЖАЙЫПТАРЫ

Бақалшақтың пішіні

Бақалшақтың пішіні

БАҚАЛШАҒЫНЫҢ арқасында моллюскілер теңіз түбінде орасан зор қысымға төтеп беріп, қиын жағдайларда тіршілік ете алады. Осындай қорғаныс күшіне тәнті болған инженерлер бақалшақтың пішіні мен құрылымын зерттеп, қожайындарын қорғайтын көліктер мен ғимараттар ойлап шығармақшы.

Көңіл қоярлық жайттар. Инженерлер екі пішінді — қосжақтаулы және спиральды бақалшақтарды зерттеді.

Қосжақтаулы бақалшақтың сыртындағы ұзынша бедерлер қысымды “топсасынан”, яғни қос жақтаудың біріккен тұсынан жиегіне қарай сырғытып жібереді. Ал спираль тәріздес бақалшақ болса қысымды оның ортасына және жалпақ жағына қарай бағыттайды. Осы екі жағдайда да бақалшақтың ерекше пішінінің арқасында қысым оның берік бөлігіне қарай бағытталады. Сонда ішіндегі жұмсақ моллюскіге онша зақым келмейді.

Ғалымдар бақалшақтың пішіні мен құрылымын үлгі етіп, 3D принтерде доғал және конус фигураларын жасады. Сосын оларды кәдімгі бақалшақтармен салыстырып, сынақ жүргізді. Нәтижесінде моллюскінің күрделі пішінді бақалшағы қолдан жасалған фигуралардан екі есе берік екені анықталды.

Осы зерттеулердің әкелетін жемісі жайлы “Сайентифик америкэн” журналында былай деп жазылды: “Күндердің күнінде бақалшақ пішіндес көліктің кетіп бара жатқанын көрсеңіз, оның сәнді екенін әрі ішіндегі нәзік жаратылыстарды қорғау үшін шығарылғанын түсінерсіз”.

Сіз қалай ойлайсыз? Бақалшақтың пішіні эволюция барысында өздігінен қалыптасты ма, әлде бұл Жаратушының жасампаздығы ма?