Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ҚҰДАЙДАН АЛЫСТАТАТЫН ЖАЛҒАН ҰҒЫМДАР

Құдайдың есімі жоқ деген жалған ұғым

Құдайдың есімі жоқ деген жалған ұғым

КӨП АДАМ НЕ НӘРСЕГЕ СЕНЕДІ?

“Біз Құдай есімінің бар-жоғына қатысты ортақ пікірге келе алмадық, ал егер бар болса, оның есімі қандай деген сұрақ туындайды” (Профессор Дейвид Каннингэм, “Теологиялық зерттеулер”).

КИЕЛІ КІТАПТА ЖАЗЫЛҒАН ШЫНДЫҚ.

Ехоба Құдай Мұса пайғамбарға: “Жаратқан Ие [Яһуә] мені сендерге жіберіп отыр. Мәңгі бақи Менің атым осылай болмақ”,— деген (Мысырдан шығу 3:15, сілтеме). Қазақша Ехоба деп дыбысталатын бұл еврей тіліндегі есім “Ол болғызады” дегенді білдіреді.

Ехоба Құдай біздің оны есімімен атағанымызды қалайды. Киелі кітапта: “Есімін атап оған сиыныңдар, Әділ істерін ұлттарға білдіріп, Есімінің ұлылығын хабарлаңдар!”— делінген (Ишая 12:4).

Иса пайғамбар Құдайдың есімін қолданған. Дұғасында ол Ехобаға: “Оларға [Исаның шәкірттеріне] есіміңді аштым және аша беремін”,— деген болатын. Неліктен Иса өз шәкірттеріне Құдайдың есімін ашқан? Ол сөзін жалғап: “Сен [Құдай] мені қалай сүйсең, бұлар да өзгелерді солай сүю үшін әрі олармен бірлікте болуым үшін”,— деген еді (Жохан 17:26).

НЕГЕ МҰНЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ?

“Құдайды есімімен білмейтін адам оны тұлға ретінде тани алмайды. Сондай-ақ Құдайды дерексіз күш ретінде ғана қарастыратын болса, оны сүйе алмайды”,— дейді Уолтер Лоури есімді дін мұғалімі.

Құдайдың есімін жасыру не ауыстыру оны Киелі кітаптан кесіп алып тастағанмен бірдей

Виктор есімді кісі шіркеуге апта сайын барып тұрғанмен, Құдайды шынымен танып-біле алмағанын айтты. Ол былай дейді: “Кейінірек Құдайдың есімі Ехоба екенін білгенде, онымен жеке танысқандай болдым. Бұрын осы Тұлға жайлы көп еститінмін, ал енді оны тапқанымды түсіндім. Содан ол мен үшін тірі Тұлғаға айналды және онымен достық қарым-қатынас дамыта бастадым”.

Ехоба да өз есімін қолданатын адамдарға жақындайды. Өзінің “есімін құрметтейтіндерге” ол былай деп уәде береді: “Әке өзінің адал қызмет етіп келген ұлына мейірім көрсететініндей, Мен де оларға мейірім көрсетемін!” (Малахи 3:16, 17). Сондай-ақ Құдай өз есімін атайтындарды жарылқайды. Киелі кітапта: “Ехобаны атын атап көмекке шақырған әркім құтқарылады”,— делінген (Римдіктерге 10:13).