Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Неліктен көп адам Жаратушының бар екеніне сенеді?
Шамамен 3000 жыл бұрын бір ақын: “Таңғаларлықтай керемет жаратылғанмын”,— деген болатын (Зәбүр 139:14). Құрсақта жатқан шарананың бір ғана жасушадан жетіліп дамитынын ойлағанда, сірә, бейжай қалмайтын шығарсыз. Көптеген адам кеудесінде жаны барлардың бәрі Жаратқанның жасампаз қолынан шыққан жаратылыстар екеніне сенеді (Зәбүр 139:13—17; Еврейлерге 3:4 оқыңыз).
Бүкіл ғаламды жаратып, Жер шарын әсем етіп жайған Жаратушы Ие өмір сыйын да берген (Зәбүр 36:9). Ол адамзатқа тіл қатып, өзін бізге танытты (Ишая 45:18 оқыңыз).
Біз жануардан жаралдық па?
Біздің дене мүшелеріміз көп жағынан жануарлардікіне ұқсас. Бұның себебі — жануар да, адам да Жаратушының қолынан шыққан. Екеуі де жерде өмір сүруге жаралған. Алайда ол алғашқы адамды жануардан емес, топырақтан жаратты (Мұсаның 1-жазбасы 1:24; 2:7 оқыңыз).
Адамның жануардан басты екі ерекшелігі бар. Біріншісі, адамдардың Жаратушыны тани білу, сүйе білу және қастерлей білу қабілеті бар. Екіншісі, жануарлар мәңгі өмір сүруге жаралмаған, ал адамдар жаралған. Алайда алғашқы адам Құдайдың тілін алмады, соның кесірінен адамдардың бәрі өлетін болды (Мұсаның 1-жазбасы 1:27; 2:15—17 оқыңыз).