Аян 5:1—14

  • Жеті мөрмен бекітілген шиыршық (1—5)

  • Тоқтының шиыршықты алуы (6—8)

  • Мөрлерді ашуға Тоқты лайық (9—14)

5  Сосын Тақта отырғанның+ оң қолынан екі жағында да жазуы бар, жеті мөрмен бекітілген шиыршық көрдім.  Мен бір құдіретті періштені де көрдім, ол қатты дауыспен: “Кім мөрлерді сындырып, шиыршықты ашуға лайық?”— деп жар салды.  Бірақ көкте де, жерде де, жер астында да шиыршықты ашып, оқитын ешкім болмады.  Шиыршықты ашып, оқуға лайық ешкім болмағандықтан, мен қатты жыладым.  Алайда ақсақалдардың бірі: “Жылама, яһуда руынан шыққан Арыстан+, Дәуіттің тамыры+, жеңіп шықты+. Жеті мөрді бұзып, шиыршықты ашуға сол лайық”,— деді.  Сонан соң мен тақтың қасында, төрт тіршілік иесінің және ақсақалдардың ортасында тұрған+ жеті мүйізі, жеті көзі бар тоқтыны+ көрдім. Ол құрбандыққа шалынғандай еді+. Оның көздері бүкіл жер бетіне жіберілген Құдайдың жеті рухын+ білдіреді.  Ол бара сала, Тақта отырғанның+ оң қолынан шиыршықты алды.  Ол оны алғанда, төрт тіршілік иесі мен 24 ақсақал+ Тоқтының алдында тізе бүгіп, тағзым етті. Әр ақсақалдың қолында арфа және хош иісті зат салынған алтын тостаған бар еді. (Хош иісті зат қасиеттілердің дұғаларын білдіреді+.)  Олар былай деп жаңа ән айтты+: “Сен шиыршықты алып, мөрлерін ашуға лайықсың. Өйткені сен құрбандыққа шалындың, осылай әрбір рудан, тілден, халықтан және ұлттан шыққан адамдарды өз қаныңмен сатып алып+, Құдайдың меншігі+ 10  және Құдайымызға қызмет ету үшін патша+ әрі діни қызметкерлер еттің+. Олар жер бетіне билік жүргізеді+”. 11  Мен қарадым да, тақты, тіршілік иелерін және ақсақалдарды қоршап тұрған көп періштенің даусын естідім. Сол он мыңдаған және мыңдаған* періште+ 12  қатты дауыспен: “Құрбандыққа шалынған Тоқты+ құдіретке, байлық пен даналыққа, күш пен құрметке, даңқ пен мадаққа лайық!”+— деп жатты. 13  Сондай-ақ көк пен жердегі, жер асты+ мен теңіздегінің бәрі: “Тақта отырған+ және Тоқты+ мадақ, құрмет+, даңқ пен құдіретке мәңгі лайық+!”— деп жатқанын естідім. 14  Ал төрт тіршілік иесі: “Аумин!”— деп тұрды. Ақсақалдар болса тізе бүгіп, Құдайға тағзым етті.

Сілтемелер

Немесе “он мыңдағаннан он мың есе көп және мыңдағаннан мың есе көп”.