Елшілердің істері 20:1—38

  • Пауыл Македония мен Грекияда (1—6)

  • Троядағы Еутіхтің қайта тірілуі (7—12)

  • Троядан Милетке жол тарту (13—16)

  • Пауылдың Ефестік ақсақалдармен кездесуі (17—38)

    • Үйден үйге жүріп тәлім беру (20)

    • “Алғаннан гөрі берген бақытты” (35)

20  Толқу басылғаннан кейін, Пауыл шәкірттерді шақыртты. Оларды жігерлендірген соң, қош айтысып, Македонияға қарай бет алды.  Сол аймақтарды аралап, шәкірттерді көптеген сөздермен нығайтқаннан кейін, Пауыл Грекияға келді.  Сонда үш ай болған соң, Сирияға жүзбекші еді. Бірақ яһудилердің өзіне қарсы зымиян жоспар құрғанын біліп+, Македония арқылы қайтуды шешті.  Оған береялық Пурдың ұлы Сопатер, салоникалық Арыстарқ+ пен Секунд, дербелік Гай, Тімөте+ және Азия* аймағынан Тихик+ пен Трофим+ еріп жүрді.  Бұлар Трояға бұрынырақ жетіп, бізді сонда күтті.  Ашымаған нан мейрамынан+ кейін Філіпіден жүзіп кетіп, Трояға бес күнде жеттік те, сол жерде жеті күнге тоқтадық.  Аптаның бірінші күні* тамақтануға жиналғанымызда, Пауыл сондағыларға арнап сөз сөйледі, өйткені келесі күні жол жүргелі жатқан еді. Оның баяндамасы түн ортасына дейін созылды.  Біз жиналған жоғарғы бөлмеде бірнеше шам жанып тұрды.  Пауыл сөйлеп жатқанда, терезеде отырған Еутіх есімді жас жігіт қатты ұйықтап кетіп, үшінші қабаттан құлап, мерт болды. 10  Сонда Пауыл төмен түсіп, оның үстіне жатып, құшақтады+ да: “Шуламаңдар, ол тірі*”,— деді+. 11  Сосын ол жоғарғы бөлмеге көтерілді де, нан үзіп, тамақтанды. Олармен таң атқанша әңгімелескен соң, жолға шықты. 12  Олар жас жігітті апарып тастады, оның тірілгені бәріне зор жұбаныш берді. 13  Біз кемеге отырып, Асқа қарай жүзіп кеттік. Ал Пауылды өзінің берген нұсқауы бойынша сол жерден алып кетпек болдық, себебі ол Асқа жаяу барғысы келген еді. 14  Аста онымен кездесіп, кемеге отырғызып алдық та, Митиленге қарай беттедік. 15  Келесі күні сол жерден шығып, Хиос аралына келдік. Бір күннен кейін Самоста шамалы аялдап, ертеңіне Милетке жеттік. 16  Пауыл Азия аймағында уақытын кетірмеу үшін Ефеске+ соқпауды шешті, себебі, мүмкін болса, Елуінші күн мейрамында Иерусалимде болайын деп асыққан еді+. 17  Милетте ол Ефеске хабар жіберіп, қауым ақсақалдарын шақыртты. 18  Олар келген соң, Пауыл былай деді: “Азия аймағына аяқ басқан күннен бастап араларыңда жүріп не істегенімді сендер жақсы білесіңдер+. 19  Яһудилер мені өлтіргісі келгендіктен, көп сынаққа кезіктім, көз жасымды төгіп, мейлінше кішіпейіл болып Иемізге құл сияқты қызмет еттім+. 20  Ел алдында және үйден үйге жүріп+ тәлім беруден әрі пайдалы болатын нәрсенің бәрін айтудан еш тартынбадым+. 21  Яһудилер мен гректерге өкініп+, Құдайға бет бұрулары және Иеміз Исаға сенулері керектігін айтып+, түбегейлі куәлік бердім. 22  Ал енді мен киелі рухтың жетелеуімен Иерусалимге бара жатырмын. Ол жерде басыма қандай жайттар түсетінін білмеймін. 23  Бар білетінім — мені түрме мен азаптар күтіп тұрғанын киелі рух әрбір қалада қайта-қайта білдіруде+. 24  Бірақ мен өз жанымды ойламаймын. Құдайдың рақымы туралы ізгі хабарды жариялау арқылы түбегейлі куәлік беріп, Иеміз Иса тапсырған қызметімді ақырына дейін атқарсам және жарысымды аяқтасам болғаны+. 25  Енді менің білетінім, өзім Патшалық туралы хабарды уағыздаған сендер енді менің жүзімді көрмейсіңдер. 26  Сондықтан бүгін сендерді мынаған куә болуға шақырамын: менің мойнымда ешкімнің қаны жоқ+, 27  өйткені сендерге Құдай еркін түгел айтудан тартынбадым+. 28  Өздеріңе де, бүкіл отарға да мұқият болыңдар+. Құдайдың өз Ұлының қанымен сатып алған+ қауымын бағу үшін+ киелі рух сендерді отарға бақылаушы етіп тағайындады+. 29  Мен кеткен соң, араларыңа зұлым қасқырлар кіріп+, отарды аямайтынын білемін. 30  Сондай-ақ шәкірттерді өздерімен әкету үшін өз іштеріңнен де жалған ілімдерді тарататындар шықпақ+. 31  Сондықтан да сергек болыңдар және менің күн-түн демей үш жыл бойы+ әрбіріңді үйретіп, көз жасымды көл еткенімді ұмытпаңдар. 32  Ал енді сендерді Құдайға және оның рақымы жөніндегі сөзіне тапсырамын. Бұл сөз сендерді нығайтып, барлық қасиеттілермен бірге мұра береді+. 33  Мен ешкімнің күмісіне, алтынына не киіміне қызыққан емеспін+. 34  Өзімнің және қасымда болғандардың қажеті үшін осы екі қолыммен еңбектенгенімді білесіңдер+. 35  Осылай ауыр еңбек етіп+, әлсіздерге жәрдем беру керектігін және Иеміз Исаның “алғаннан гөрі берген бақытты+” деген сөздерін ұмытпау қажет екенін сендерге барлық жағынан көрсеттім”. 36  Осыны айтып болғаннан кейін, Пауыл барлығымен бірге тізе бүгіп, дұға етті. 37  Сонда бәрі қатты жылап, Пауылды құшақтап, елжірей сүйді. 38  Өйткені оның “енді менің жүзімді көрмейсіңдер”+ деген сөздері жандарына қатты батқан еді. Содан олар Пауылды кемеге шығарып салды.

Сілтемелер

“Азия” деп Рим империясының провинциясы жөнінде айтылып тұр.
Бұл — қазіргі жексенбі күні. Яһудилер үшін жексенбі аптаның бірінші күні болған.
Сөзбе-сөз “оның жаны өзінде”. Түсіндірмедегі “Жан” сөзін қараңыз.