Зәбүр 30:1—12

  • Қайғының қуанышқа ұласуы

    • Құдайдың ықыласы мәңгілік (5)

Үйді салтанатпен бағыштау әні. Дәуіттің жыры. 30  Уа, Ехоба, мені жоғарылатқаның үшін өзіңді асқақтата дәріптеймін! Сен мені жауларыма табалатып қоймадың+.   Құдайым Ехоба, көмек сұрап, өзіңе сиындым,Сонда сен мені сауықтырдың+.   Уа, Ехоба, сен жанымды* көрден* тұрғызып алдың+,Мені аман қалдырдың, орға түсірмей сақтап қалдың+.   Ей, Ехобаның адал қызметшілері, оған мадақ әнін айтыңдар+! Киелілігін ұмытпай, есіміне ризашылық білдіріңдер+!   Өйткені ол бір-ақ сәтке ашуланады+,Ал ықыласы өмір бойы ұласады+. Кешке жылап-сықтайсың, ал таңертең қуана дауыстайсың+.   Алаңсыз жүрген кезімде: “Мен әрқашан нық тұрамын”,— деген едім.   Уа, Ехоба, ықыласыңа ие болып жүргенімде, мені таудай мықты еттің+. Ал менен жүзіңді жасырғанда, қорқып дірілдедім+.   Уа, Ехоба, өзіңді шақырудан талмадым+. Ықыласын түсіруді сұрап, Ехобаға жалбарынуды доғармадым.   Менің өлгенімнен, орға түскенімнен келер пайда бар ма+? Қара жер сені мадақтай ма+? Адалдығың жайлы айта ма+? 10  Уа, Ехоба, құлақ асып, ықыласыңды түсірші+. Уа, Ехоба, менің көмекшім болшы+. 11  Сен қайғымды шаттық биімен алмастырдың,Үстімдегі азалы киімді шешіп, қуанышты шапан етіп жаптың. 12  Бұны үнсіз қалмай, өзіңе мадақ әнін айтуым үшін істедің. Уа, Ехоба Құдайым, сені мәңгі мадақтаймын!

Сілтемелер

Немесе “мені”. Түсіндірмедегі “Жан” сөзін қараңыз.
Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.