Зәбүр 37:1—40
Дәуіттің жыры.
א [Алеф]
37 Зұлымдарға қарап, бойыңды ыза,Заңсыздық жасаушыларға қарап, қызғаныш билемесін+.
2 Олар шөп сияқты жылдам солады+,Көк шөптей лезде қурап қалады.
ב [Бет]
3 Ехобаға сенім арт та, игілік жаса+,Еліңде тұра бер, адалдықтан тайма+.
4 Ехобадан зор қуаныш тап,Сонда ол жүрек қалауыңды орындайды.
ג [Гимел]
5 Жолыңды Ехобаға тапсыр+,Соған арқа сүйе, сонда ол сенің игілігің үшін әрекет етеді+.
6 Ол әділдігіңді таң шапағындай,Адалдығыңды тал түстегі күндей жарқыратады.
ד [Далет]
7 Ехобаның алдында тіс жарма+,Оны шыдаммен күт;Өз пиғылын жүзеге асырып,Табысқа жеткен адамды көргенде, ызаланба+.
ה [Хе]
8 Ашуланба, қаһарланба да+,Зұлымдыққа бармас үшін, ызаға бой алдырма*.
9 Өйткені зұлымдар құрып кетеді+,Ал Ехобаға үміт артатындар жерді мұра етеді+.
ו [Вав]
10 Көп ұзамай зұлымдар жоқ болады+,Тұрған жерлеріне қарайсың,Бірақ оларды еш таппайсың+.
11 Ал момындар жерді мұра етеді+,Керемет тыныштық орнағанын көріп+, шаттыққа кенеледі.
ז [Заин]
12 Зұлым адам әділге қарсы зымияндық ойлайды+,Оған тісін қайрайды.
13 Бірақ Ехоба оған күледі,Өйткені оның құритын күні келетінін біледі+.
ח [Хет]
14 Қаналушы мен жарлыны құлату үшін,Тура жолмен жүргендерді сұлату үшін,Зұлымдар семсерін суырады, садағын иеді.
15 Бірақ семсерлері өз жүректеріне қадалады+,Садақтары быт-шыт болып сынады.
ט [Тет]
16 Көп зұлымның мол дәулетіненБір әділдің азғана мал-мүлкі әлдеқайда артық+.
17 Себебі зұлымның қолы сынады,Ал әділ жанды Ехоба қолдайды.
י [Йод]
18 Ехоба кінәратсыздардың өмір жолын біледі,Олардың мұралы иелігі мәңгі сақталады+.
19 Қиын-қыстау кезеңде олар ұятқа қалмайды,Жұт кезінде оларда молшылық болады.
כ [Каф]
20 Ал зұлымдар құрып кетеді+,Ехобаның жаулары жайлаудың шүйгін шөбіндей солады,Түтіндей лезде ғайып болады.
ל [Ламед]
21 Зұлым адам қарыз алады да, қайтарып бермейді,Ал әділ жан жомарт* әрі береген келеді+.
22 Құдайдың батасына ие болғандар жерді мұра етеді,Ал оның қарғысына ұшырағандар құрып кетеді+.
מ [Мем]
23 Ехоба адамның жүрген жолын ұнатса+,Оның қадамына бағыт береді+.
24 Мұндай адам жығылса да, омақаса құламайды+,Өйткені Ехоба оны қолынан демеп, қолдайды+.
נ [Нун]
25 Кезінде мен жас болдым, енді қартайдым,Бірақ Құдайдың әділді тастап кеткенін+
Не оның балаларының нан сұрап жүргенін еш көрмедім+.
26 Әділ адам әрдайым қарызға береді+,Балалары да батаға кенеледі.
ס [Самех]
27 Жамандықтан қашық, жақсылыққа асық бол+,Сонда мәңгі өмір сүресің.
28 Себебі Ехоба әділдікті сүйеді,Адал қызметшілерін ешқашан тастамайды+.
ע [Аин]
Оларды әрқашан қорғап жүреді+,Ал зұлымның ұрпағы құрып кетеді+.
29 Әділдер* жерді мұра етеді+,Онда мәңгі бақи өмір сүреді+.
פ [Пе]
30 Әділдің аузынан даналық шығады,Тілімен әділдік туралы айтады+.
31 Ол Құдай заңын жүрегінде сақтайды+,Жүргенде, аяғы еш таймайды+.
צ [Цади]
32 Зұлым әділді аңдиды,Оның көзін құртудың жолын іздейді.
33 Бірақ Ехоба әділді оның қолына бермейді+,Сотта да, оны айыпты көрмейді+.
ק [Коф]
34 Ехобаға үміт артып, оның жолымен жүр,Сонда ол мерейіңді өсіріп, жерді мұраға береді.
Зұлым құрып жоқ болғанда+, бұны көзің көреді+.
ר [Реш]
35 Мен қатыгез, зұлым адамды көрдім,Ол өз жерінде жайқалып өскен ағашқа ұқсайтын+.
36 Бірақ ол кенеттен құрып кетті, ғайып болды+,Оны қанша іздесем де, таба алмадым+.
ש [Шин]
37 Кіршіксіз жанды бақыла, әділден+ көз жазба,Себебі мұндай адамды алда тыныштық күтіп тұр+.
38 Ал заңсыздық жасаушылар түгелдей жойылады,Зұлымдардың болашағына балта шабылады+.
ת [Тав]
39 Әділдерді Ехоба құтқарады+,Ол — әділдердің қиын кездегі берік қамалы+.
40 Ехоба көмекке келіп, оларға азаттық сыйлайды+,Зұлымның қолынан құтқарып, аман алып қалады,Өйткені әділдер оны паналайды+.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “Ызаға бой алдырма, себебі бұл тек зиян келтіреді”.
^ Немесе “ықыласын түсіреді”.
^ Яғни Құдайдың талаптарына сай өмір сүретіндер.