Зәбүр 70:1—5

  • Тезірек көмек беруін сұрау

    • “Менің игілігім үшін тезірек әрекет етші” (5)

Ән-күй жетекшісіне. Ескертпе болу үшін жазылған Дәуіттің жыры. 70  Уа, Құдай, құтқара көр,Уа, Ехоба, тезірек көмекке келе көр+.   Жанымды алудың жолын іздеп жүргендер ұятқа қалып, қарабет болсын. Бақытсыздыққа ұшырағаныма қуанатындар масқара болып, кері шегінсін.   Маған: “Ә, бәлем, сауап болды!”— дейтіндерЖер болып, кері шегінсін.   Ал сені іздейтіндер өзіңді ойлап шат-шадыман боп қуансын+,Құтқаруыңды аңсайтындар дәйім: “Құдай марапатталсын!”— дейтін болсын.   Ал мен дәрменсіз әрі бейшарамын+. Уа, Құдайым, менің игілігім үшін тезірек әрекет етші+. Көмекшім де, құтқарушым да өзіңсің+. Уа, Ехоба, кешеуілдетпеші+.

Сілтемелер