Зәбүр 82:1—8

  • Әділ сот жүргізуін өтіну

    • Құдай “құдайлардың” арасында төрелік айтады (1)

    • “Бейшараны қорғаңдар” (3)

    • “Сендер құдайсыңдар” (6)

Асаптың+ жыры. 82  Құдай қасиетті жиында өз орнына жайғасады+;Құдайлардың* арасында былай деп төрелік айтады+:   “Қашанғы әділетсіздікпен төрелік етіп+,Зұлымның жағында боласыңдар+? (Села)   Бейшара мен жетімдерді қорғаңдар+,Қаріп-қасерлерге әділдік жасаңдар+.   Бейшара мен жарлыны құтқарыңдар,Зұлымның қолынан аман алып қалыңдар”.   Билер білмейді де, түсінбейді де+,Олар түнекте жүр. Жердің бар іргесі шайқалып тұр+.   “Мен былай дедім: —Сендер құдайсыңдар*+,Бәрің де Құдай Тағаланың ұлысыңдар.   Сөйтсе де өзгелер сияқты сендер де өлесіңдер+,Кез келген бекзада іспетті қаза табасыңдар+!”   Уа, Құдай, түрегеліп, жерге төрелік етші+,Өйткені барлық ұлттар өзіңе тиесілі.

Сілтемелер

Немесе “құдай іспеттілердің”.
Немесе “Құдай іспеттісіңдер”.