Зәбүр 83:1—18

  • Жаумен кездескенде айтылған дұға

    • “Уа, Құдай, үнсіз қалмашы” (1)

    • Жаулар жел ұшырған қаңбақ іспетті (13)

    • Құдайдың есімі — Ехоба (18)

Ән. Асаптың+ жыры. 83  Уа, Құдай, үнсіз қалмашы+,Тіл қатпай, жайбарақат күйі қала бермеші, уа, Құдай!   Қарашы, жауларың у-шу боп жатыр+,Сені жек көретіндер паңдана әрекет етіп жатыр.   Олар халқыңа қарсы зымиян жоспар құруда,Өзіңе қымбат жандарға қастандық ойлауда.   Олар: “Кәне, Исраилді ұлттар арасынан құртып жіберейік+,Оның атын мәңгіге өшірейік!”— дейді.   Олар бірауыздан сөз байласты,Мыналар саған қарсы одақтасты+:   Шатырларда тұратын едомдықтар мен ысмағұлдықтар, Моаб+ пен ажарлықтар+,   Гебал, Аммон+ мен Амалек, Тир тұрғындары+ мен Філістір елі+.   Ассирия+ да оларға қосылды;Лұттың ұлдарына қолдау болды+. (Села)   Оларға Мадиянға істегеніңді істеші+,Қишон суының бойында Сисара мен Ябинге көрсеткеніңді көрсетші+. 10  Олар Ендорда+ тас-талқан болған еді,Жерге төккен қи сияқты жатқан еді. 11  Олардың беделділеріне Ориб пен Зиптің+,Басшыларына Зебей мен Салманның кебін кигізші+. 12  Өйткені олар: “Құдай мекендейтін жерді иемденейік!”— деді. 13  Уа, Құдайым, оларды құйын іліп әкеткен қаңбаққа+,Жел ұшырған сабанға ұқсатшы! 14  Орманды жалмайтын оттай,Тауларды күйдіріп жіберетін жалындай+, 15  Дауылыңмен соңдарына түсші+,Бораныңмен оларды үрейлендірші+. 16  Уа, Ехоба, оларды қарабет қылшы,Есіміңнің ұлы екенін мойындасын. 17  Олар ұятқа қалсын, мәңгі үрейленіп жүрсін,Масқара болып, құрып кетсін. 18  Осылайша адамдар сенің есімің Ехоба екенін+,Бүкіл жер бетін билейтін жалғыз Құдай Тағала екеніңді білсін+.

Сілтемелер