Ишая 43:1—28

  • Ехоба халқын қайта жинап алады (1—7)

  • Бөтен құдайлардың дәрменсіздігі (8—13)

    • “Сендер менің куәгерлерімсіңдер” (10, 12)

  • Бабылдан азат етілу (14—21)

  • “Сотта мәселемізді талқыға салайық” (22—28)

43  Ал енді, уа, Жақып, сені жаратқан Ехоба,Уа, Исраил, сені қалыптастырған Құдай мынаны айтады+: “Қорықпа, мен құныңды өтеп алдым+. Атыңды атап шақырдым. Сен менікісің.   Судан өткеніңде, мен сенімен бірге боламын+,Өзендерден өткеніңде, су астында қалмайсың+. От арасынан өткеніңде, күймейсің,Сені жалын да шарпымайды.   Өйткені мен сенің Құдайың Ехобамын,Исраилдің Киелі Құдайымын, сенің Құтқарушыңмын. Мен Мысырды сен үшін төлем ретінде ұсындым,Орныңа Эфиопия мен Себаны бердім.   Сен маған қымбатсың, қадірлісің+. Мен сені жақсы көремін+. Сенің орныңа халықтарды,Өмірің үшін ұлттарды беремін.   Қорықпа, себебі мен қасыңдамын+. Ұрпақтарыңды күншығыстан алып келемін,Сендерді күнбатыстан жинап аламын+.   Мен солтүстікке: —Жібер!— деймін+,Оңтүстікке: —Жолдарынан қалдырма! Ұлдарымды шалғайдан, қыздарымды жердің қиыр шетінен әкеліңдер+,   Менің есіміммен аталатындардың бәрін+,Ұлылығымды паш етсін деп жаратқан әрбір жанды,Өзім қалыптастырып, өзім жаратқандарды+ алып келіңдер,— деймін.   Көздері бар болса да, соқыр,Құлақтары бар болса да, саңырау адамдарды+ әкеліңдер.   Ұлттардың бәрі бас қоссын,Халықтар бірге жиналсын+. Кәне, қайсысы мынаны айта алады? Қайсысы алғашқы жайттарды айтып бере алады+?* Туралықтарын дәлелдейтін куәларын шақырсын,Олар тыңдап: —Бұл — шындық!— десін+”. 10  “Сендер менің куәгерлерімсіңдер+,— дейді Ехоба. —Иә, сен өзім таңдаған қызметшімсің+. Сендерді мені танып-білсін, маған сенсін,Ешқашан өзгермейтінімді+ түсінсін деп таңдап алдым. Маған дейін ешқандай Құдай болмаған,Менен кейін де болған жоқ+. 11  Мен, мен Ехобамын+. Менен басқа құтқарушы жоқ+. 12  Араларыңда ешбір бөтен құдай болмай тұрып+,Мен құтқаратынымды айттым, солай еттім де, әрі мұны кең таралатындай еттім. Сендер менің куәгерлерімсіңдер,— дейді Ехоба,— ал мен Құдаймын+. 13  Мен ешқашан өзгермеймін+. Менің қолымдағыны ешкім тартып ала алмайды+. Мен іске кіріссем, кім маған тосқауыл бола алады+?!” 14  Құндарыңды өтеуші+, Исраилдің Киелі Құдайы Ехоба+ мынаны айтады: “Сендер үшін мен оларды Бабылға аттандырамын да,Қақпа атаулыны тас-талқан қыламын+,Сонда кемелеріндегі халдейлер қинала айғайлайды+. 15  Мен Киелі Құдайларың Ехобамын+, Исраилдің Жаратушысы+ әрі сендердің Патшаларыңмын+”. 16  Теңіз суларынан өтетін,Тіпті буырқанған сулардан өтетін жол салған Ехоба+ былай дейді, 17  Соғыс арбалары мен аттарды шығаратын+,Әскермен қоса мықты сарбаздарды алып шығатын Құдай мынаны айтады: “Олар сұлайды да, қайтып тұрмайды+. Жойылып кетеді, жанып біткен білтедей өшеді. 18  Бұрынғы жайттарды еске алмаңдар,Өткенді ойлап өмір сүрмеңдер. 19  Міне, мен бір жаңа нәрсе жасап жатырмын+. Ол қазірдің өзінде жүзеге асуда. Сендер оны байқамадыңдар ма? Мен шөл далада жол саламын+,Қуаң далада өзендер ағызамын+. 20  Даланың жабайы аңдары мені мадақтайды,Шибөрілер мен түйеқұстар даңқтайды. Өйткені мен шөл далада су шығарып,Қуаң далада өзендер ағыздым+. Мен мұны таңдап алған халқым+ су ішсін, 21  Өзім үшін жаратқан халқымДаңқымды жария етсін деп істедім+. 22  Бірақ сен мені шақырмадың, ей, Жақып+. Өйткені сен менен шаршаған екенсің, ей, Исраил+. 23  Түгел өртелетін құрбандыққа маған арнап қой шалмадың,Құрбандықтарыңмен мадақтамадың да. Мен сені сый-тарту әкелуге мәжбүрлемедім,Ладан түтетуіңді талап етіп, мезі де қылмадым+. 24  Сен маған хош иісті қамыс сатып алу үшін ақша жұмсамадың,Құрбандықтарыңның майына да тойдырмадың+. Қайта, мойныма күнәларыңның жүгін арттың,Заңсыздықтарыңмен мезі қылдың+. 25  Мен өз есімім үшін+ қылмыстарыңды өшіріп тастаймын+,Күнәларыңды да есіме алмаймын+. 26  Кәне, есіме салшы; Сотта мәселемізді талқыға салайық. Туралығыңды дәлелдеу үшін, өз пікіріңді айт. 27  Сенің түп атаң күнә жасады,Арадағы өкілдерің* маған қарсы бүлік шығарды+. 28  Сондықтан мен ғибадатхана басшыларын арамдаймын,Жақыптың көзін құртамын,Исраилді жұрттың келеке-мазағына қалдырамын+.

Сілтемелер

Мұнда келешекте бірінші болып орын алатын жайттар туралы айтылып тұрса керек.
Мұнда Заң тәлімгерлері жайында айтылып тұрса керек.