Мұсаның 2-жазбасы 15:1—27
15 Сонда Мұса мен исраилдіктер Ехобаны мадақтап, былай деп ән салды+:
“Ехобаға арнап ән шырқайын, даңқы оның асқақтады+.
Теңізге ол лақтырды атымен қоса жауынгерді+.
2 Ехоба* — менің күш-қуатым, ол — менің Құтқарушым+.
Ол — менің Құдайым, оны мен мадақтаймын+.
Ол — әкемнің Құдайы+, оны мен даңқтаймын+.
3 Ехоба — мықты жауынгер+. Ехоба — оның есімі+.
4 Перғауынның соғыс арбасы мен әскерін теңізге ол лақтырды+,Таңдаулы жауынгерлерін Қызыл теңізге батырды+.
5 Буырқанған су басып қалып, су түбіне олар тастай батты+.
6 Уа, Ехоба, оң қолыңның зор құдіреті+,Уа, Ехоба, оң қолың жауды талқандайды.
7 Асқан ұлылығыңмен құлатасың өзіңе қарсы шыққандарды+,Лаулаған қаһарың сабандай жалмайды оларды.
8 Танауыңның лебінен алып су көтеріліп,Тұра қалды ағыстың жолын бөгеп,Буырқанған су теңіз ортасында* қалды қатып.
9 Жау былай деді: “Соңына түсем! Қуып жетем!
Құмарым қанғанша, олжамды бөлісем.
Семсерімді қынабынан суырып, оларды күл-талқан етем”+.
10 Үрлеп едің теңізге, көміп қалды оларды+,Қалың суға батып кетті қорғасындай барлығы.
11 Уа, Ехоба, қай құдай саған тең келеді+?
Сен секілді бар ма екен асқан киелі+?
Дәріптеуге де, қорқуға да лайықсың, таңғажайып кереметтер жасайсың+.
12 Оң қолыңды созғанда, жұтып қойды жер оларды+.
13 Азат еткен*+ халқыңды айнымас сүйіспеншілігіңмен жетелейсің,Киелі мекеніңе құдіретіңмен алып барасың.
14 Халықтар естіп+, қалтырап дірілдер,Філістір елі толғақ азабын шегер.
15 Сол уақытта Едом шейхтары* үрейленер,Моабтың өктем билеушілері де қорқып қалшылдар+.
Ал Қанахан жұртының жігері құм болар+.
16 Өлердей қорқып, олардың зәресі ұшады+.
Қолыңның құдіретін көріп, тастай қатып қалады,Уа, Ехоба, халқың сенің жандарынан өткенше,Жаратқан халқың+ қастарынан кеткенше+.
17 Оларды әкеп қондырасың иелігіңдегі тауыңа+,Уа, Ехоба, орнықтырасың дайындаған өз тұрағыңа,Уа, Ехоба, өз қолыңмен тұрғызған қасиетті орныңа.
18 Ехоба патша болып билік етеді мәңгі бақи+.
19 Перғауынның соғыс арбасы мен атты әскері кірген кезде теңізге+,Ехоба теңіз суын қайтарып, құлатты оны үстеріне+,Ал Исраил халқы теңіздің ортасымен, өтіп кетті құрғақ жермен+”.
20 Сонда Харонның әпкесі Мәриям пайғамбар қолына даңғырасын алды. Әйелдердің бәрі оған еріп, даңғыраларын алып, билей жөнелді.
21 Мәриям ерлердің әніне былай жауап берді:
“Ехобаға арнап ән шырқаңдар, даңқы оның асқақтады+.
Теңізге ол лақтырды атымен қоса жауынгерді+”.
22 Бұдан соң Мұса Исраил халқын Қызыл теңіздің маңынан Шур шөліне алып барды. Олар шөлде үш күн бойы жүріп, су таппады.
23 Содан көш Мара+ деген жерге келді. Бірақ бұл жердің суы ащы болғандықтан, іше алмады. Сондықтан ол бұл жерді Мара* деп атаған еді.
24 Халық Мұсаға: “Енді не ішеміз?”— деп күңкілдей бастады+.
25 Мұса Ехобаға жалбарынып еді+, Ехоба оған бір ағашты көрсетті. Мұса оны суға тастағанда, су тұщы болды.
Сол жерде Құдай өз халқының мойынсұнушылығын сынады+. Бұл жайт олар үшін сабақ әрі болашақта ұстанулары керек заң іспетті болды.
26 Ол: “Егер Ехоба Құдайыңның сөзіне мұқият ден қойсаң, оның көз алдында дұрыс нәрсені істесең, сондай-ақ заңдарына мойынсұнып, жарлықтарын ұстансаң+, онда мысырлықтарға жіберген аурулардың бірін де саған жолатпаймын+. Өйткені мен сені сауықтырушы Ехобамын+”,— деді.
27 Кейін олар Елимге келді. Сол жерде 12 бұлақ пен 70 құрма пальмасы бар болатын. Сөйтіп, олар судың жанына қостарын тікті.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
^ Сөзбе-сөз “жүрегінде”.
^ Немесе “құн төлеп азат еткен”.
^ “Шейх” деп рубасын атаған.
^ Мағынасы “ащы”.