Нақыл сөздер 16:1—33
16 Адам жүрегінде ой түзер,Бірақ айтатын жауабы* Ехобадан+ келер.
2 Адамға жолының бәрі тура көрінер+,Бірақ ниетін Ехоба тексерер+.
3 Бар ісіңді Ехобаға сеніп тапсыр+,Сонда жоспарларың іске асар.
4 Ехоба бәрін де ниеті жүзеге асатындай етіп жасайды,Тіпті зұлымды да алапат күні жояды+.
5 Көкірек көтерген әркім Ехобаға жеркенішті+,Шүбә жоқ, мұндайлар жазасыз қалмайды.
6 Айнымас сүйіспеншілік пен адалдықтың арқасында күнә өтелер+,Ехобадан қорыққан адам жамандықтан аулақ жүрер+.
7 Ехобаға адамның жолы ұнаса,Оны тіпті жауларымен татуластырар+.
8 Табысы мол арамза болғаннан гөрі+,Кірісі аз әділ болған артық+.
9 Адам жүрегінде жүрер жолын ойластырады,Бірақ қадамдарын Ехоба бағыттайды+.
10 Патшаның аузы Құдай шешімін айтсын+,Әділ билік айтудан еш таймасын+.
11 Адал таразы мен оның табақшалары Ехобадан,Дорбадағы кіртастар да содан+.
12 Залым істер патшаларға жеркенішті+,Себебі әділдік патша тағын нығайтады+.
13 Патшалар тура тілді ұнатар,Шын сөйлейтінді жақсы көрер+.
14 Патшаның қаһары — өлім жаршысы+,Дана адам оның қаһарын басар+.
15 Патшаның жарқын жүзі өмір береді,Рақымы жаңбыр әкелетін көктемгі бұлт іспетті+.
16 Алтыннан гөрі даналықты иемденген артық+!
Күмістен гөрі түсінікке ие болған жақсы+.
17 Шыншылдың жолы жамандықтан аулақ етер,Өз жолын қадағалаған жанын сақтар+.
18 Көкіректік — күйреудің басы,Тәкаппарлық — сүрінудің алды+.
19 Тәкаппарлармен олжа бөліскенше,Момындардың арасында кішік болған жақсы+.
20 Мәселенің байыбына баратын табысқа жетеді,Ехобаға сенім артатын бақытқа кенеледі.
21 Жүрегі дананы түсінігі бар дер+,Тілі жұмсақтың сөзі нанымды келер+.
22 Терең түсінік — иесі үшін өмір бұлағы,Ақымақтың жазасы — өз ақымақтығы.
23 Дананың жүрегі аузына терең түсінік салар+,Сөзіне нанымдылық берер.
24 Жылы сөз ұядағы балдай,Жанға жағымды*, сүйекке шипалы+.
25 Адамға тура болып көрінетін жол бар,Бірақ ол түбінде өлімге апарар+.
26 Тәбеті жұмысшыға еңбек еткізер,Бұған аш құрсағы мәжбүр етер+.
27 Оңбаған адам жамандықты қазбалар+,Сөздері оттай шарпып алар+.
28 Арандатушы араздық тудырар+,Жалақор жақын достарды айырар+.
29 Зорлықшыл өзгені еліктірер,Теріс жолға оны түсірер.
30 Ол көзін қысып, қастандық ойлар,Ернін жымқырып, залымдығын іске асырар.
31 Ақ шаш — әсем* тәж+,Әділ жолмен жүрген соған қол жеткізер+.
32 Білектіден гөрі ашуға баяу+ жан артық,Қаланы жаулап алушыдан гөрі ұстамды адам артық+.
33 Жеребе киімнің етегіне тасталар+,Бірақ шешімін Ехоба берер+.