ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
Ол жақсы әке болды
1, 2. а) Жүсіптің отбасын қандай өзгеріс күтіп тұрды? ә) Жүсіп әйеліне қандай хабар айтты?
ЫМЫРТ түсіп, қас қарайған кез. Жүсіп есегіне тағы бір жүк артты да, осы бір адал жануарына риза болып, бүйірінен қағып-қағып қойды. Сосын Бетлехемнен Мысырға дейінгі жолды, ол елде қалай өмір сүретіндерін уайымдап, терең ойға шомды. Тілі мен әдет-ғұрпы мүлдем бөтен елде Жүсіп пен оның отбасы қалай күн көрмек?!
2 Жүсіп оңайға соқпаса да, бар ерік-жігерін жинап, әлгінде ғана білген суық хабарды жарына айтты. Құдайдың періштесі оның түсіне кіріп, Ирод патшаның Исаны өлтіргісі келетінін ескерткен екен. Сол себепті оларға кідірместен қаладан кету керек еді (Матай 2:13, 14 оқыңыз). Мұны естіген Мәриям қатты абыржыды. Ешкімге зияны жоқ, бейкүнә баланы не үшін өлтірмекші?! Жүсіп те, Мәриям да мұны ақылдарына сыйғыза алмай, дал болды. Бірақ олар Ехобаға толығымен арқа сүйегендіктен, кідірместен жүктерін жинап, Мысырға кетуге дайындалды.
3. Жүсіп отбасымен Бетлехемнен қалай кеткені жайлы айтып беріңіз. (Суретті де қараңыз.)
3 Ирод патшаның зұлым жоспарынан бейхабар Бетлехем тұрғындары тегіс ұйқыда жатқанда, Жүсіп пен Мәриям қаладан шығып кетті. Олар оңтүстікке қарай бет алған. Түн сейіліп, шығыстан қылаңдап таң атып келеді. Жүсіп өзі мен отбасын алда не күтіп тұрғанын ойлап келеді. Қарапайым ағаш ұстасы зор билігі бар патшадан отбасын қалай араша алып қалмақ? Бала-шағасын жат жерде қалай қамқорламақ? Ол Ехобаның өте жауапты тапсырмасын — осы бір ерекше баланы қамқорлап, тәрбиелеу міндетін — атқарып шыға ала ма? Осыларды уайымдап, Жүсіптің ойы сан-саққа жүгірді. Қазір біз Жүсіптің қандай қиындықтарға кезігіп, оларға қалай төтеп бергені жайлы қарастырамыз. Сондай-ақ бүгінгі таңда отағалары және жеке әрқайсысымыз оған қалай еліктей алатынымызды білетін боламыз.
Жүсіп отбасын қорғады
4, 5. а) Жүсіптің өмірінде қандай өзгеріс болды? ә) Періште Жүсіптің батыл шешім қабылдауына қалай көмектесті?
4 Осыдан бір жылдан аса уақыт бұрын, Жүсіптің өмірін бір *. Алайда періште Жүсіптің түсіне кіріп, Мәриямның киелі рухтың құдіретімен жүкті болғанын әрі бұл баланың “өз халқын күнәларынан құтқаратынын” айтты. Сосын оған: “Әйелің Мәриямды үйіңе алып келуге қорықпа!”— деді (Мат. 1:18—21).
жағдай күрт өзгерткен еді. Сол кезде Жүсіп Назаретте тұратын әрі Елінің қызы Мәрияммен атастырылған еді. Бір күні ол пәк әрі адал деп білетін қалыңдығының жүкті екенін білді. Жүсіп оны ел алдында масқара еткісі келмей, онымен жасырын түрде ажыраспақ болды5 Жүсіп әділ әрі тілалғыш адам болатын. Сондықтан ол періштенің сөздеріне құлақ асты. Өз баласы болмаса да, Құдайдың ең қымбат Ұлын бағып-қағуға келісіп, өте жауапты істі мойнына алды. Кейінірек Жүсіп императордың жарлығына мойынсұнып, аяғы ауыр әйелімен бірге Бетлехемге барып, тіркеуден өтті. Міне, дәл осы қалада Мәриям тұңғышын босанды.
6—8. а) Жүсіптің отбасында қандай өзгеріс орын алды? ә) “Жұлдызды” Шайтан жіберген деуге қандай себеп бар? (Сілтемені де қараңыз.)
6 Жүсіп тіркеуден өткен соң, Назаретке оралмады. Ол Бетлехемде, Иерусалимнен 10 шақырымдай жерде, отбасымен тұрақтап қалды. Бұл отбасы таршылықтың уысында өмір сүрді. Десе де Жүсіп аяулы жары мен баласы Исаны қолынан келгенше қамқорлады. Көп ұзамай-ақ олар шағын ғана баспанаға ие болды. Иса бір жастан асқанда, олардың өмірлерінде тағы бір өзгеріс орын алды.
7 Бір күні шығыстан, Бабыл елінен болса керек, бір топ жұлдызжорамалшы келді. Олар яһудилердің патшасы болатын баланы көру үшін, бір “жұлдыздың” соңынан ерген еді. Бұл “жұлдыз” оларды Жүсіп пен Мәриям тұрып жатқан үйге жетелеп әкелді. Бұл кісілер Жүсіптің отбасына ерекше құрмет көрсетті.
8 Жұлдызжорамалшылар біліп істеді ме, білмей істеді ме, олар Исаның өмірін үлкен қауіпке тікті. Әлгі “жұлдыз” оларды бірден Бетлехемге емес, алдымен Иерусалимге алып барды *. Иерусалимде олар зұлым патша Иродқа жолығып, оған яһудилердің патшасы болатын баланы іздеп келгендерін айтты. Сонда Иродтың бойын қызғаныш билеп, зығырданы қайнады.
9—11. а) Ехоба Ирод пен Шайтаннан үстем екенін қалай көрсетті? ә) Мысырға дейінгі сапардың апокрифтік аңыз-әңгімелерде жазылғаннан қандай айырмашылығы бар?
9 Бақытқа орай, бұл жағдайға Ирод пен Шайтаннан анағұрлым құдіретті тұлға араласты. Бұл қалай болды? Жұлдызжорамалшылар Жүсіптің үйіне келгенде, бала мен анасын көріп, оларға сый-тартулар ұсынды. Қарапайым тұрмыс кешкен Жүсіп пен Матай 2:1—12 оқыңыз).
Мәриям күтпеген жерден алтын, ладан мен мүр сияқты қымбат заттарға ие болғандарына аң-таң болған да шығар. Жұлдызжорамалшылар Ирод патшаға оралып, баланың қай жерде екенін айтпақ болды. Сонда Ехоба оларға аян беріп, Иродқа бармай, елдеріне басқа жолмен кетуді ескертті (10 Жұлдызжорамалшылардың кеткенінен көп ұзамай Ехобаның періштесі Жүсіпке: “Тұр, бала мен анасын алып, Мысырға қаш! Өзім айтқанға дейін сол жерде қала бер. Себебі Ирод баланы іздеп тауып, өлтірмекші”,— деді (Мат. 2:13). Тараудың басында айтылып өткендей, Жүсіп бұл сөздерге бірден құлақ асты. Ол баланың амандығын ойлап, Мысырға қарай жол тартты. Жұлдызжорамалшылардың тарту еткен қымбат сыйларын Жүсіп жолға әрі Мысырдағы тұрмыс-тіршілікке жаратса керек.
11 Кейбір апокрифтік аңыз-әңгімелерде кішкентай Исаның ғажайып түрде Мысырға дейінгі жолды қысқартып жібергені, қарақшыларды жеңгені және анасы жемісін үзіп жей алуы үшін құрма пальмасын иіп бергені айтылып жатады *. Шындығына келгенде, бейтаныс елге жету үшін, олар ұзақ әрі ауыр сапар шеккен.
Жүсіп отбасының қамы үшін өз қалауларынан бас тартты
12. Қауіп-қатерге толы осы дүниеде ұл-қыз өсіріп отырған ата-аналар Жүсіптен қандай үлгі алады?
12 Жүсіп ата-аналарға керемет үлгі болып табылады. Ол өз отбасын Ехоба берген бағалы сый деп қарастырған. Жүсіп отбасын қорғау үшін жұмысы мен жеке басының қалауын ысырып қойып, кідірместен әрекет етті. Бүгінде де көп ата-аналар балаларын жаман ортаның ықпалынан қорғау үшін аянбай тер төгіп жүр. Себебі Шайтанның дүниесі жастарды бұрыс жолға итермелеп, оларды көп пәлекетке душар еткізуде, тіпті бүкіл өмірлерін құрдымға ұшыратуда. Балаларын қорғау үшін Жүсіп сияқты дер кезінде әрекет етіп, қолдарынан келгенді істейтін ата-аналар әрқашан мақтауға тұрарлық!
Жүсіп отбасын қамқорлады
13, 14. Неліктен Жүсіп пен Мәриям Назаретке қоныс тепті?
13 Жүсіп Мысырда ұзақ болған жоқ, себебі оған періште келіп, Ирод патшаның көз жұмғанын хабарлады. Сөйтіп, Жүсіп отбасымен туған еліне қайтып келді. Осылайша ол “Ехобаның ұлын Мысырдан шақырып алғаны” туралы ежелде жазылып кеткен Мат. 2:15).
пайғамбарлықтың орындалуына өз үлесін қосты (14 Ал енді Жүсіп бала-шағасымен қай қалаға барар екен? Ол ақылмен әрі сақтықпен әрекет етті. Яһудеяда Иродтың ұлы Архелай патшалық етіп отырғандықтан, Жүсіп ол жерге бармады. Себебі Архелай жауыз әрі қаныпезер адам болған. Құдайдың басшылығымен Жүсіп отбасын солтүстіктегі Ғалилея өлкесіне, бұрын тұрған қаласы Назаретке алып барды. Осылайша ол қастандық пен қиянат жайлаған Иерусалим қаласынан іргесін аулақ салды. Назарет қаласында олардың тұңғыш балалары өсіп ер жетті (Матай 2:19—23 оқыңыз).
15, 16. Жүсіптің кәсібі қандай болған және ол қандай құралдарды қолданған болуы мүмкін?
15 Назаретте күн көру оңай болмады. Жазбаларда Жүсіптің ағаш ұстасы болғаны айтылған (Мат. 13:55). Бұл жұмыс ағаш кесіп құлату, бөренелерді тасу, оларды кептіру сияқты істерді қамтыған. Сосын олардан үй соғылатын, сондай-ақ қайықтар, кішкене көпірлер, арбалар, дөңгелектер, қамыттар және диқаншыларға қажетті құрал-саймандар жасалатын. Ағаш ұсталарының еңбектері ауыр болған. Сол заманда олар есік алдында не үйлеріне жанаса салынған шеберханаларда жұмыс істеген.
16 Жүсіптің шеберханасы түрлі құрал-саймандарға толы болған. Солардың біразы әкесінен қалған болса керек. Жүсіп бұрыштық, тіктеуіш, бор, балта, ара, шотбалта, балға, зілбалға, қашау және қолбұрғы сияқты құралдарды қолданған болуы мүмкін. Бұлармен жұмыс істегенде, Жүсіп неше түрлі желім мен шегелерді де қолданған. Бұл заттарды сатып алуға біраз ақша кетсе керек.
17, 18. а) Иса әкесі Жүсіптен не нәрсеге үйренген? ә) Неге Жүсіпке көп еңбек етуге тура келген?
17 Өз ісінің қас шебері болған Жүсіптің қалай жұмыс істеп жатқанына қызыға қарап отырған кішкентай Исаны елестетіп көрейікші. Иса оның әрбір қимылын мүлт жібермей, мұқият бақылап отыр. Ол әкесінің шеберлігіне, қара күші мен зеректігіне таң-тамаша болады. Жүсіп Исаның қолына балықтың кепкен терісін ұстатып, бөрененің кедір-бұдырын тегістеуді үйреткен де болар. Сосын өзі қолданатын інжір, емен, зәйтүн сияқты сан алуан ағаштардың ерекшеліктерін де түсіндірсе керек.
Мат. 13:55, 56). Осындай үлкен отбасын асырау үшін Жүсіпке көп еңбек етіп, тер төгуге тура келген.
18 Иса үшін Жүсіп тек ағаштарды құлатып, олардан бөренелер дайындап, кейін бұйым жасайтын қара күштің иесі ғана емес, әйелі мен балаларын еркелетіп, жұбата алатын қамқор әке де болған. Жүсіп пен Мәриямның Исадан басқа кем дегенде алты ұл-қызы болған (Жүсіп отбасына рухани тәлім-тәрбие берудің бәрінен де маңызды екенін түсінген
19. Жүсіп отбасына рухани тәлім-тәрбие беру үшін не істеген?
19 Әйтсе де Жүсіп отбасына рухани тәлім-тәрбие берудің бәрінен де маңызды екенін жақсы білген. Сондықтан ол балаларына Ехоба Құдай мен оның заңдары туралы үйретуге уақыт бөлген. Жүсіп пен Мәриям балаларын үнемі жергілікті мәжілісханаға алып баратын. Онда Мұса Заңы дауыстап оқылып, түсіндірілетін. Сол кездесулерден кейін Иса көкейінде туындаған сұрақтарын әкесіне жаудырса керек. Жүсіп баласының рухани мұқтаждығын қанағаттандыру үшін, сұрақтарына жауап беруге барынша тырысып-баққаны сөзсіз. Сондай-ақ Жүсіп жыл сайын отбасын 120 шақырым қашықтықтағы Иерусалимде өтетін мейрамдарға алып баратын. Мысалы, Құтқарылу мейрамына барып-келу үшін, оларға екі аптадай жол жүру керек болған.
20. Мәсіхші отағалары Жүсіптің үлгісіне қалай еліктей алады?
20 Бүгінде де мәсіхші отағалары Жүсіп сияқты әрекет етеді. Олар балаларын асырау үшін көп күш салса да, рухани тәлім-тәрбие беруді бәрінен де жоғары қояды. Ата-аналар отбасылық ғибадат кешін өткізу үшін көп тер төгеді, әрі балаларын қауым кездесулері мен конгрестерге алып барады. Жүсіп сияқты, олар да Құдай туралы тәлім беру балаларының игілігі үшін жасайтын ең маңызды іс екенін түсінеді.
Олар қатты уайымдады
21. а) Жүсіптің отбасы үшін Құтқарылу мейрамына бару несімен қызық болған? ә) Жүсіп пен Мәриям Исаның өздерімен бірге емес екенін қашан білді?
21 Жүсіп әдеттегідей отбасын Иерусалимдегі Құтқарылу мейрамына алып бару үшін жолға шықты. Бұл көктем мезгілі еді. Иса 12 жаста болатын. Көптеген отбасылар көк шалғын жамылған далада ұзын сонар тізбек құрып кетіп барады. Бұл жолаушылар шөбі сиректеу келген қырдағы Иерусалимге жақындағанда, шат көңілмен зәбүр жырларын айта бастады (Зәб. 120—134). Қалаға жүз мыңдаған адам келді. Ал мейрам аяқталғаннан кейін, отбасылар үйлеріне қайта бастады. Абыр-сабыр болып жұртпен бірге жолға шыққан Жүсіп пен Мәриям Исаны басқа жолаушылармен, бәлкім туыстарымен бірге келе жатыр деп ойлаған шығар. Алайда бір күндік жол жүргеннен кейін, оның жолаушылар арасында жоқ екені анықталды (Лұқа 2:41—44).
22, 23. Жүсіп пен Мәриям балаларының жоғалып қалғанын білгенде, не істеді және оны тапқанда, Мәриям не деді?
22 Исаны таппай абыржыған Жүсіп пен Мәриям Иерусалимге қайта оралды. Олар қаланы шыр көбелек айналып, балаларын іздей бастады. Кеше ғана осы қалада шат-шадыман болып жүрген олар бүгін мүлдем басқа күйде. Исаны үш күн іздеп таппағаннан кейін Жүсіп “Ехобаның сеніп тапсырған бағалы қазынасын жоғалтып алдым” деп, өзін жегідей жеген болар. Амалдары Лұқа 2:45, 46).
қалмаған Жүсіп пен Мәриям ғибадатханаға барып, оны сол жерден іздеді. Сөйтіп, Мұса Заңын жақсы білетін ұстаздар жиналған үлкен бөлмеге кірсе, Иса солардың ортасында отыр екен! Сонда олардың иықтарынан ауыр жүк түскендей болып, көңілдері орнықты (23 Иса ұстаздардың айтқандарын тыңдап, сұрақтар қойып отыр екен. Олар жас баланың ұғымталдығы мен берген жауаптарына қайран қалысты. Алайда әке-шешесі оны көргенде, аң-таң болып қалды. Сол сәтте Жүсіптің не дегені Киелі кітапта жазылмаған. Бірақ Мәриямның айтқан сөздері екеуінің не сезінгенін жақсы сипаттайды. Ол: “Балам, бұл не қылғаның? Әкең екеуміз уайымдап, сені шарқ ұрып іздеп жүрміз”,— деген еді (Лұқа 2:47, 48).
24. Құдай Сөзі бала тәрбиелеуге қатысты нені аян етеді?
24 Құдай Сөзінен алынған осы кішкентай үзінді бала тәрбиелеудің, тіпті бала кемелді болса да, оңай емес екенін көрсетеді. Әсіресе қауіп-қатерге толы мына заманда ата-аналардың балаларын ойлап, уайым кешетін кездері аз емес. Алайда мұндай ауыр еңбектің Ехобаның көзінен таса қалмайтыны — олар үшін зор жұбаныш.
25, 26. Иса ата-анасына қандай жауап қатты және Жүсіп сол кезде не сезінді?
25 Исаның ғибадатханадан табылғаны ғажап емес. Себебі ол дәл осы жерде өзін көктегі Әкесі Ехобаға жақынырақ сезініп, ол туралы тәлім ала алатын. Сондықтан ата-анасы келгенде, ол: “Мені неге іздедіңіздер? Менің Әкемнің үйінде болуым керектігін білмеп пе едіңіздер?”— деп таңғалды (Лұқа 2:49).
26 Жүсіп ұлының бұл жауабына риза болып, оны іштей мақтан етсе керек. Өйткені ол ұлының Ехоба Құдаймен тығыз қарым-қатынаста болуы үшін көп тер төгіп келді. Жүсіп Исаға көп көңіл бөлгенінің арқасында Иса мейірімді де қамқор әкенің қандай болатынын біліп өсті.
27. Әкелер қандай мәртебеге ие және неге олар Жүсіптің мысалын ұмытпаулары керек?
27 Барлық әкелерге мәртебелі іс тапсырылған. Олар балаларына сүюші әрі қамқор әкенің қандай болатынын көрсете алады. Егер сіздің өгей не асырап алған балаларыңыз болса, Жүсіпке еліктеп, олардың әрқайсысын жеке тұлға деп танып, бағалай аласыз. Сондай-ақ оларға көктегі Әкелері Ехобаға жақын болуға көмектесе аласыз (Ефестіктерге 6:4 оқыңыз).
Жүсіп міндетін адал атқарып шықты
28, 29. а) Лұқа 2:51, 52-дегі сөздерден Жүсіп жайлы не білеміз? ә) Жүсіп ұлының дана болып өсуіне қандай үлес қосты?
28 Киелі кітапта Жүсіп туралы өте аз айтылған. Алайда сол мәліметтің Лұқа 2:51, 52 оқыңыз). Бұл тармақтардан екі жайтты байқаймыз. Жүсіп отағалық міндетін жақсы атқарғандықтан, кемелді ұлы оның билігін құрметтеп, оған әрі қарай да мойынсұнып жүрген.
өзінен ол туралы біраз нәрсе біле аламыз. Жазбаларда “Исаның әке-шешесіне әрі қарай да мойынсұнып жүргені” жазылған. Сонымен қоса оның “даналығы да, Құдай мен адамдарға ұнамдылығы да арта бергені” айтылады (29 Ал Исаның даналығы арта бергенінен Жүсіптің зор еңбек сіңіргені байқалады. Сол заманда яһудилердің арасында ежелден келе жатқан бір нақыл сөз жүрген. Бұл нақыл сөзге сай, тек уақыты көп адамдар ғана дана бола алады, ал ұста, диқан, саудагер сияқты қарапайым шаруа адамдары оңы мен солын ажырата алмайды, “ешкімді соттай да алмайды, әрі мұндай адамдар нақыл сөздер айтылатын жерде отырмайды”. Алайда Иса ержетіп, даналығымен танымал болғанда, бұл айтылғандардың бос сөз екенін дәлелдеді. Әкесі Жүсіп қарапайым ағаш ұстасы болса да, Исаға Ехобаның алдында ненің ақ, ненің қара екенін үйрете алған.
30. Жүсіп бүгіндегі отағаларына қандай үлгі қалдырды?
30 Жүсіп Исаның салауатты болып өсуіне де көп мән берді. Әкесі жақсы қамқорлағандықтан, ол шымыр әрі дені сау болып өсті. Сондай-ақ Жүсіп Исаға ұсталық кәсіпті игеруіне көмектесіп, еңбекке баулыды. Жүсіптің бұл еңбегі зая кетпеді. Себебі Иса жұртқа ағаш ұстасы деген атпен танымал болған (Мар. 6:3). Ақылды әкелер бүгінде Жүсіпті үлгі тұтып, балаларының сау болып өсуіне күш салады, әрі ертеңгі күні өздерін қамтамасыз ете алуларының қамын жасайды.
31. а) Кей айғақтарға сай, Жүсіп қашан көз жұмған? ( Қоршауды да қараңыз.) ә) Жүсіп мәсіхшілерге қандай үлгі қалдырды?
31 Киелі кітапта Исаның шамамен 30 жасында шомылдыру рәсімінен өткені айтылғаннан кейін, Жүсіп туралы сөз қозғалмайды. Кей айғақтарға сай, Иса қызметіне кіріскен уақытта Жүсіптің көзі тірі болмаған (“ Жүсіп қашан қайтыс болған?” деген қоршауды қараңыз). Ол отбасын қорғап, қамқорлап, өз міндетін соңына дейін адал атқаруымен барлық әкелерге өшпес үлгі қалдырды. Кез келген мәсіхшінің Жүсіптің сенімін өнеге еткені аса маңызды.
^ 4-абзац Сол заманда атастырылғандар ерлі-зайыпты болып есептелетін.
^ 8-абзац Бұл “жұлдыз” кәдімгі жұлдыз болмаған әрі оны жіберген Құдай емес еді. Осы табиғаттан тыс құбылысты Шайтанның қолданғаны анық. Осылай ол Исаны өлтіруді көздеген еді.
^ 11-абзац Киелі кітапта Исаның “алғашқы кереметін” шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін жасағаны нақты айтылған (Жох. 2:1—11).