ГРУЗИЯ | 1924—1990
Грузин тіліндегі Киелі кітап
КИЕЛІ КІТАП грузин тіліне латын, сирия, копт, армян, тағы сол сияқты ертедегі тілдермен қатар аударылған. Ізгі хабарлар, Пауылдың хаттары, Зәбүр жырларының көне грузин тіліндегі қолжазбалары V ғасырдың ортасында я одан да ерте жазылған. Кейінгі ғасырларда Киелі кітапты грузин тіліне аудару мен көшіру кең етек алып, бірнеше аударма пайда болды *.
Грузин халқының әдебиеті, мәдениеті мен салт-дәстүріне Киелі кітаптың тигізген ықпалы орасан зор. Мысалы, шамамен V ғасырдың соңында жазылған “Шушаник патшайымның азабы” атты шығармада Киелі кітап тармақтары мен кейіпкерлерінің образдары кездеседі. Грузин ақыны Шота Руставели шамамен 1220 жылы жазған “Жолбарыс тонды жаһанкез” деген поэмасында мәсіхшілерге тән құндылықтарды жырлаған. Ол жырына арқау еткен достық, жомарттық, бейтаныс адамдарға деген сүйіспеншілік сияқты тақырыптар күні бүгінге дейін грузин халқының адамгершілік қағидасы болып отыр.
^ 3-абзац “Күзет мұнарасы” журналының 2013 жылы 1 маусымында шыққан “Ғасырлар бойы жасырын болған қазына” мақаласын қараңыз.