130-ӘН
Кешірімді болайық
-
1. Күнә мен өлімді
Мәңгіге жою үшін,
Жіберді бізге Ехоба
Өз Ұлын, сүйіктісін.
Өкініп, опық жегендер
Өтінсе шын кешірім,
Төлем арқылы Ехоба
Танытады мейірім.
-
2. Өзгені кешірсек
Өкпе-наз еш сақтамай,
Өзара болсақ төзімді,
Рақымын төгер Құдай.
Асық боп құрмет етуге,
Қашық боп ренжітуден,
Сүюдің ұстансақ жолын,
Мейірім түсер көктен.
-
3. Сарқылмас мейірім
Жүректі тұрса керіп,
Ашу мен ыза жоламас,
Іштегі мұз да еріп.
Риясыз шын сүйе білсек,
Еліктеп Ехобаға,
Кешіру қиын болмайды,
Кешіріп ол тұрғанда.
(Мат. 6:12; Ефес. 4:32; Қол. 3:13 қараңыз.)