134-ӘН
Балалар — Құдайдың аманаты
-
1. Әкеге бала — қуаныш,
Анасы да тұр оның елжіреп.
Жүрмесін тек олар бұл сыйды
Өздері ғана еншілеп.
Ұмытпасын, баланы берген
Өмір көзі Ехоба екенін.
Кеңесіне оның жүгінсін,
Бергенде балаға тәлімін.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Аманаттап Құдай баланы
Табыстады өздеріңе.
Өсиеті оның әрдайым
Негіз болсын сөздеріңе.
-
2. Жүректе мықтап сақтаңдар
Құдайдың барлық талап-заңдарын.
Өздеріңе сеніп жүктелген
Ұмытпаңдар міндет барын.
Үйретіңдер жатып-тұрғанда,
Жол жүргенде баланы жалықпай.
Адал болып қалсын өскенде,
Ехобаны ұмыт қалдырмай.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Аманаттап Құдай баланы
Табыстады өздеріңе.
Өсиеті оның әрдайым
Негіз болсын сөздеріңе.
(Мұс. 5-ж. 6:6, 7; Ефес. 6:4; Тім. 1-х. 4:16 қараңыз.)