Қолдану шарттары
Қош келдіңіз!
Бұл веб-сайт арқылы Құдай туралы, Киелі кітап және Ехоба куәгерлері туралы көбірек біле аласыз. Өзіңізге қызықты болған мәліметті оқып, көріп не жүктеуіңізге болады. Біз адамдар осы сайттың пайдасын көрсе екен дейміз, бірақ осындағы мәліметті басқа веб-сайтқа не бағдарламаға салмауыңызды сұраймыз. Төменде келтірілген “Қолдану шарттарын” ескере отырып, өзгелермен осы веб-сайттағы мәліметпен бөлісе аласыз.
Авторлық құқық
© 2024 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania, Inc. Барлық құқығы қорғалған.
Бұл веб-сайттың құрастырушысы мен қолдаушысы — Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania, Inc (“Watchtower”). Егер басқаша көрсетілмесе, сайттағы барлық мәтін мен басқа да мәлімет Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania (“Watch Tower”) қоғамының интеллектуалды меншігі болып табылады.
Сауда таңбалары
Adobe, Adobe логотипі, Acrobat және Acrobat логотипі Adobe Systems Incorporated компаниясының сауда таңбалары болып табылады. Apple, iTunes және iPod болса Apple Inc. компаниясының сауда таңбасы болып табылады. Microsoft, Microsoft логотипі және Microsoft компаниясының барлық бағдарламалары не басқа өнімдері (бұған Microsoft Office және Microsoft Office 365 жатады) Microsoft Inc. компаниясының сауда таңбалары болып табылады. Android — Google LLC компаниясының сауда таңбасы. Андроид роботы Google компаниясы шығарғанына сай және Creative Commons 3.0 Attribution License (https://creativecommons.org/licenses/by/3.0/us/) лицензиясында сипатталған шарттарға сай қолданылады. Қалған сауда белгілері мен тіркелген сауда белгілерінің бәрі тиесілі иелерінің меншігі болып табылады.
Қолдану шарттары мен сайтты қолдану құқығы
Бұл сайтты қолдану барысында оның “Қолдану шарттарын” ұстану қажет. Бұл сайтты қолдануыңызбен сіз “Қолдану шарттарын” және кез келген “Қосымша шарттарды” (бұлардың бәрі “Қолдану шарттарын” құрайды) толығымен қабылдауға келісесіз. Егер “Қолдану шарттарымен” не оның қандай да бір бөлігімен келіспесеңіз, бұл сайтты қолданбауыңыз керек.
Ал дұрыс қолдануға не жатады? Төмендегі шектеулерге сай, сізге келесідей әрекеттерге рұқсат беріледі:
-
Осы веб-сайттан сіз авторлық құқығы қорғалған суреттерді, электронды басылымдарды, әуендерді, фотосуреттерді, мәтін не видеоларды өзіңіз үшін қарап, жүктеп және басып шығара аласыз. Оларды коммерциялық мақсатта қолдануға болмайды.
-
Сайттың жүктеуге болатын басылымдарымен, видео не аудио-материалдарымен бөлісуге, я болмаса олардың сілтемелерін жіберуге болады.
Келесі әрекеттерді жасауға болмайды:
-
Бұл веб-сайттағы суреттерді, электронды басылымдарды, сауда таңбаларын, әуендерді, фотосуреттерді, видеоларды не мақалаларды Интернетке (кез келген сайтқа, файл алмастыру сервистеріне, видеолармен бөлісу сайтына не әлеуметтік желіге) салуға.
-
Бұл веб-сайттағы суреттерді, электронды басылымдарды, сауда таңбаларын, әуендерді, фотосуреттерді, мәтінді не видеоларды қандай да бір бағдарламалық жасақтамамен бірге не оның құрамдас бір бөлігі ретінде таратуға (аталмыш материалдарды қандай да бір бағдарламалық жасақтама арқылы қолдану үшін ешбір серверге де салуға болмайды).
-
Коммерциялық мақсатпен не ақша табу үшін (тіпті еш пайда түспесе де) бұл веб-сайттағы суреттерді, электронды басылымдарды, сауда таңбаларын, әуенді, фотосуреттерді, мәтінді не видеоларды қайта шығаруға, көшіруге, таратуға не қандай да бір өзгеше жолмен қолдануға.
-
Веб-сайттағы мәліметті, HTML, суреттерді, мәтінді жинақтауға, көшіруге, жүктеуге не алуға арналған компьютерлік бағдарламаларды, құралдарды не технологияларды тарату мақсатымен жасап шығаруға (алайда бұл веб-сайттың жалпыға арналған беттерінен EPUB, PDF, MP3 және MP4 сияқты электрондық файлдарды жүктеуге арналған коммерциялық емес әрі тегін қолданбаларды таратуға тыйым салмайды).
-
Веб-сайтты не оның қызметтерін бұрыс қолдануға. Мысалы, веб-сайтқа не оның қызметтеріне әдеттегіден тыс әдіспен араласуға және кіруге болмайды.
-
Бұл веб-сайттың қолжетімдігіне не оның қызметіне зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін жолмен қолдануға; сонымен қатар заңсыз, құқыққа қайшы жолмен не алаяқтықпен, я болмаса заңсыздыққа, құқыққа қайшы әрекетке не алаяқтыққа қатысы бар жолмен қолдануға.
-
Бұл веб-сайтты не ондағы суреттерді, электронды басылымдарды, сауда таңбаларын, әуенді, фотосуреттерді, мәтінді не видеоларды маркетингпен байланысты кез келген мақсатта қолдануға.
-
Бұл веб-сайт үшінші тұлға болып табылатын әрі бізге бағынышты емес Google Maps қызметін қолданады. Сіздің бұл веб-сайтта Google Maps қызметін қолданғанда, “Google Maps/Google Earth қызметінің қосымша қолдану шарттарына” бағынышты боласыз. Біз олардың “Қолдану шарттарының” соңғы жаңартуларынан бейхабармыз, сондықтан қолданар алдында олармен танысып алуыңызды өтінеміз. “Қолдану шарттарымен” келіспесеңіз, Google Maps қызметін қолданбаңыз. Пайдаланушының ешқандай деректері Google Maps қызметінен бұл веб-сайтқа өтпейді.
Медициналық бөлім
Веб-сайттың медициналық бөлімі (әрі қарай “Медициналық бөлім”) тек мәлімет беру үшін арналған. Ол ешқандай медициналық кеңес бермейді де, әрі медициналық кеңес беруді, диагноз қоюды не емдеуді көздемейді де. “Медициналық бөлім” осы бөлімде келтірілген қандай да бір зерттеулерді, дәрігерлерді, препараттарды, емшараларды, ой-пікірлер мен өзге де мәліметтерді қолдамайды және ұсынбайды.
Денсаулыққа не емделу тәсілдеріне қатысты сұрақтарыңыз болса, әрқашан дәрігердің немесе мақұлданған маманның көмегіне жүгініңіз.
Бұл веб-сайттың “Медициналық бөлімі” мүмкіндігінше тура және соңғы жаңалықтарға сай мәліметтерді жариялайды. Алайда “Медициналық бөлімдегі” мәліметтер “ҚАЛАЙ БАР, СОЛАЙ”, яғни ешқандай кепілдіксіз беріледі. Бұл веб-сайт “Медициналық бөлімге” қатысты тікелей болсын, жанама болсын — ешқандай кепілдік бермейді. Бұған қоса, коммерциялық құндылықтарға қатысты, қандай да бір мақсаттар үшін жарамдылығына қатысты не тағы басқа кепілдік бермейді. Бұл веб-сайт “Медициналық бөлімде” көрсетілген кез келген мәліметтің сенімді, тура, заманауи, тиімді не толық екеніне кепілдік бермейді. Бұл веб-сайт “Медициналық бөлімдегі” мәліметтерде кездесетін қателер мен енгізілмей қалып қойған жерлер үшін жауап бермейді. “Медициналық бөлімдегі” мәліметке сенім арту өз жауапкершілігіңізде. Бұл веб-сайт әлдекімнің осы веб-сайтты қолданғанынан не қолдана алмағанынан келген залалға жауапты емес (бұған кездейсоқ не жанама залал, жарақат алу, заңсыз әрекеттің салдарынан болған өлім, кірістен айырылу, деректерді жоғалтудан не кәсіптің тоқтап қалғанынан туындаған не тағы басқа залал жатады). Жоғарыдағыдай айыптар кепілдікке, келіссөзге, деликтке не қандай да бір құқықтық теорияға негізделмесін және залал келуі мүмкін екендігі ескертілсін-ескертілмесін, бұл веб-сайт өзіне ешқандай жауапкершілік алмайды.
Кепілдік беруден бас тарту және жауапкершіліктің шектеулілігі
Бұл веб-сайтпен және ондағы барлық мәліметпен, дерекпен, материалдармен және басқа да қызметтермен “Күзет мұнарасы” қоғамы “ҚАЛАЙ БАР, СОЛАЙ” қамтамасыз етеді. Ол тікелей не жанама болсын, ешқандай кепілдік бермейді, жауапкершілік те алмайды.
“Күзет мұнарасы” бұл веб-сайтта ешқандай вирус не залал келтіруі мүмкін басқа нәрселер жоқ екеніне кепілдік бермейді. “Күзет мұнарасы” бұл веб-сайттағы қандай да бір қызметті, мәліметті не деректі қолданудан туындаған шығындарға жауапты емес. Бұған жанама, кездейсоқ не тікелей залал, сондай-ақ айыппұл ретіндегі не тағы басқа залал жатады.
Қолдану шарттарын бұзу
“Күзет мұнарасы” қоғамының осы “Қолдану шарттарының” аясына кіретін басқа құқықтарына зиян келтірмей, қандай да бір жолмен “Қолдану шарттарын” бұзатын болсаңыз, “Күзет мұнарасы” қоғамы бұған қатысты өзі дұрыс деп тапқан шараларды қолдана алады. Атап айтқанда: сайтқа сіздің қосылуыңызды доғару; оған кіруге рұқсат етпеу; сіздің IP мекенжайыңызды қолданатын компьютерлердің осы сайтқа кіруін бұғаттау; сіздің интернет-провайдеріңізбен байланысып, бұл сайтты қолдануыңызға тыйым салуды сұрау және/немесе сізге қарсы заң шараларын қолдану.
Өзгеріс енгізу
“Күзет мұнарасы” қоғамы осы “Қолдану шарттарына” арагідік өзгерістер енгізуі мүмкін. Өзгертілген “Қолдану шарттары” сайтта жарық көрген кезден бастап күшіне енеді. Соңғы “Қолдану шарттарымен” хабардар болу үшін, осы бетті арагідік қарап отыруыңызды сұраймыз.
Заң және юрисдикция
Бұл “Қолдану шарттары” Нью-Йорк штатының (АҚШ) заңдарымен басқарылады және түсіндіріледі, әрі басқа заңдардың қарама-қайшылығы ескерілмейді. Осы “Қолдану шарттарымен” байланысты кез келген шағым Нью-Йорк штатында (АҚШ) құзыры бар штат сотына немесе федералдық сотқа берілу керек.
Екі жақты бөліну
Егер құзырлы сот органы осы “Қолдану шарттарының” қандай да бір бөлігін қолданыстан шыққан, заңды күші жоқ не заңға қайшы деп тапса, басқа бөліктері өз күшінде қала береді. Егер “Күзет мұнарасы” қоғамы осы “Қолдану шарттарының” қандай да бір бөлігінің орындалуын қамтамасыз ете алмаса, бұл қоғамның сол бөліктен бас тартқанын және оны орындауды талап етпейтінін білдірмейді, сонымен қатар бұлай түсіндірілмеу керек.
Толық келісім
Бұл “Қолдану шарттары” сіз бен “Күзет мұнарасы” қоғамының арасындағы осы сайтты қолдануға байланысты келісімнің толық нұсқасы болып табылады, әрі осы сайтты қолдануыңызға байланысты бұған дейінгі барлық келісімдерді алмастырады.